Нотариальные действия:

График работы

Пн. - Пт. с 11:00 до 19:00
Суббота  (по записи)
Воскресенье - выходной

Контакты

г. Алматы,
ул. Кунаева, дом № 38/61,
ниже ул. Макатаева, 
1 этаж, офис № 1.
 
Напротив здания,
за остановкой имеется
АВТОСТОЯНКА.

Тел. +77015236044

     +7(727)354-11-58

Электронная почта
notaryaltynay@gmail.com

 

+7 701 523 60 44

  Записаться на прием

Алматылық Нотариус Алтынай Макешева
«Нотариус ретінде біз өзімізге әділдікті, заңдылықтың кепілін, шынайылықтың сенімгерін, жетістікті сақтаушы делдалды таңдаймыз».

Сайтқа қош келдіңіздер!

Нотариус Алтынай Макешева Алматы қаласының Нотариалдық палатасының мүшесі болып табылады және төменде көрсетілген нотариалдық әрекеттерді 2003 жылдың 14 шілдесінен бастап, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2003 жылдың 27 мамырында берілген № 0001439 мемлекеттік лицензиясының негізінде жүзеге асырады:

  құжаттардың көшірмелерін куәландыру;
  сенімхаттарды куәландыру;
  арыздардағы, Компаниялар жарғыларындағы және банкілік құжаттардағы қойылған қолдар үлгілері  мен мөр таңбаларының, құжаттарға қойылған қолдардың шынайылығын куәландыру;
  өсиеттерді куәландыру;
  кепілақы туралы келісімдер мен әртүрлі келісім-шарттарды куәландыру;
  құрылтай шарттарын куәландыру;
  неке шарттарын куәландыру;
  суррогат ана келісім-шартын куәландыру;
  Компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестерін сатып алу-сату шарттарын куәландыру; 
  мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарын куәландыру;
  жылжымайтын мүлікті және автотранспорт құралдарын иеліктен шығару (сыйлау, сатып алу-сату) шарттарын куәландыру;
  құжаттардың аудармаларын куәландыру (орыс, қазақ, ағылшын және түрік тілдері); 
  акциялар мен лотереялар бойынша сыйлықтардың ұтысқа салынуын куәландыру; 
  Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған өзге де нотариалдық әрекеттер;
  нотариалды және заңдылық кеңестер.

Нотариус туралы

   Нотариус Алтынай Макешева 1998 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік Заң Университетін «Мемлекеттік Қызмет және Халықаралық Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

  2006, 2012, 2013 және 2017 жылдары Алматы қаласының Нотариалды палатасының құрмет мадақтамаларымен марапатталған.

  14 жылдан астам қызметінің барысында ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардан алғысхаттар алған.

  Қазақстандық және халықаралық заң нормаларын меңгерген.

  Отбасылық құқығының ең күрделі саласымен – суррогат ана шарттарын куәландыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

  Ағылшын және Түрік тілінде сұхбаттаса алатын Нотариус болып табылады: ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген, осыған орай шетелдік клиенттермен аудармашының көмегінсіз жұмыс жасайды және ағылшын, түрік тілдерінен орыс және қазақ тіліне, орыс, қазақ тілдерінен ағылшын және түрік тілдеріне жасалған аудармалардың дұрыстығын куәландырады.

  Нотариалдық қызмет көрсетулер фискалды құжаттармен жүзеге асырылады: фискалды чек, кіріс кассалық ордері, шот-фактура және атқарылған жұмыстар актісі беріледі.

  Нотариустың заңды тұлғалардың шақыртуларына бару мүмкіндігі.

  Нотариалдық қызмет көрсеткені үшін заңды тұлғалар, жасалған келісім-шарт негізінде қолма-қол ақшасыз есеп айырыса алады.

Уақыттарыңызды үнемдеу үшін қабылдауға телефон немесе электронды пошта арқылы жазылу ұсынылады.

Алдын ала жазылу бойынша – қызмет көрсету келісілген уақытта жүзеге асырылады.

Нотариусмемлекеттің атынан заңдармен берілген өкілеттік шегінде нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыруға құзыретті, жария биліктің өкілі. Нотариат сот әділдігін жүзеге асыруға және құқық бұзушылықтың, даулардың және соттық талқылаулардың алдын алуға ықпал етеді.

Нотариат парыздары:

Өз министрлігіңді құрметте;

Өз әрекетіңді түсініксіз ететіндей күдік туатын болса, оны жасаудан қалыс қал;

Шындықты құрметте;

Сақтықпен әрекет жаса;

Зейін қойып зертте;

Арыңмен ақылдас;

Әділдікті басшылыққа ал;

Заңдылықпен шектел;

Қадір-қасиетіңмен қызмет ет;

Сенің болмысың, адамдар арасында дауды болдырмау екендігін есіңде сақта.



Біздің мекен-жайымыз:

 Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, № 38/61 үй, Мақатаев

 көшесінен төмен, 1-ші қабат, № 1 кеңсе.

Ғимаратқа қарсы беттегі аялдама артында АВТОТҰРАҚ орналасқан.

Тел.: + 7 (727) 354-11-58, тел./факс: +7 (727) 244-12-06

Моб.: + 7 701-523-60-44

E-mail: notaryaltynay@gmail.com

Skype: altynay88888888

Нотариалдық әрекеттерді жасауға қажетті құжаттардың тізімі

Құжаттардың көшірмесі

Құжаттың түпнұсқасы;

Құжаттың көшірмесі.

* Заңды тұлғалар үшін Компанияның реквизиттерін ұсыну қажет.

Сенімхат

  • Сенім білдірушінің жеке куәлігінің түпнұсқасы;

  • Сенімхат ресімделетін – сенім білдірілген тұлғаның деректері – Т.А.Ә., туылған күні, тіркелген мекен-жайы.

Автокөлікті басқару бойынша сенімхат

  • Сенім білдіруші – автокөлік иесінің жеке куәлігінің түпнұсқасы;

  • Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (техпаспорт);

  • Сенімхат ресімделетін – сенім білдірілген тұлғаның деректері – Т.А.Ә., туылған күні, тіркелген мекен-жайы.

Өтініш (жұбайының келісімі)

  • Өтініш берушінің жеке куәлігінің түпнұсқасы;

  • Неке қию туралы куәлігінің түпнұсқасы.

  • Жылжымайтын мүліктің орналасқан мекен-жайы (кепілге қойса немесе сататын болса);

  • Банктің немесе микронесиелік ұйымның атауы (егер кепілге қойылатын болса).

Өтініш (кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ертіп жүруге келісім беру)

  • Өтініш берушінің жеке куәлігінің түпнұсқасы (ата-анасының бірінің немесе екеуінің де);

  • Неке қию туралы куәлігінің түпнұсқасы;

  • Баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;

  • Баланың төлқұжатының түпнұсқасы (егер болса);

  • Сенім білдірілген тұлғаның – баланы ертіп жүрушінің – Т.А.Ә., туылған күні, тіркелген мекен-жайы.

  • Сапарының мақсаты мен мерзімі, баратын елі мен қаласы.

Жарғыға қойылған қолдың шынайылығын куәландыру

  • Компанияның қатысушысының (қатысушыларының) жеке куәлігінің түпнұсқасы;

  • Компанияны құру және оны тіркеу туралы Компания қатысушысы шешімінің немесе Компанияның қатысушыларының жалпы жиналасы хаттамасының түпнұсқасы;

  • Компанияның құрылтай құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмелері (қайта тіркелетін жағдайда);

  • Компанияның жарғылық капиталдағы үлесін сату-сатып алу/сыйға тарту туралы келісім-шарттың түпнұсқасы (қайта тіркелетін жағдайда).

Қол қою үлгілері мен мөр таңбалары бар банкілік құжаттарға қойылған қолдың шынайылығын куәландыру

Жеке кәсіпкерлер үшін:

  • Қол қоюшының жеке куәлігінің түпнұсқасы;

  • Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;

  • ҚҚС бойынша есепке алу туралы куәлігінің түпнұсқасы (егер бар болса);

  • Жеке кәсіпкердің мөрі.

Заңды тұлғалар үшін келесі құжатардың түпнұсқасы мен көшірмелері қажет: (өтініш, көлемді азайту мақсатында, парақтың екі жағына да көшірме жасаңыз!!!)

  • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік

  • ҚҚС бойынша салық төлеуші куәлігі (егер бар болса)

  • Жарғы

  • Қатысушының тиісті шешімімен Жарғыға енгізілген барлық толықтырулар мен өзгерістер, және Әділет департаментінен кіріс мөртабаны қойылған өтініш

  • Құрылтай шарты (егер бар болса)

  • Карточкаға қол қоюшының жеке куәлігі (шетел азаматы үшінтүпнұсқа + төлқұжаттың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аудармасы, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаты)

  • Лауазымға тағайындау туралы мөр қойылған және мынадай жазба көрсетілген бұйрық: «Компанияның барлық қаржылық, банкілік және өзге құжаттарына бірінші немесе екінші болып қол қою құқығымен»

  • Екінші қол қою құқығы бар тұлғаны лауазымға тағайындау туралы бұйрық, мысалы бас бухгалтерді тағайындаса (егер екінші қол қою үлгісі куәландырылатын болса).

  • Банктің атауы және сенім білдірілген тұлға көрсетілген, Компания атынан оның банкілік шоттарына билік етуші бірінші немесе екінші қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларына берілген сенімхат

  • Компанияның қолданыстағы Жарғысын бекіткен Компания қатысушысының шешімі немесе Компания қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасы және Компанияны құру туралы бастапқы шешім немесе Хаттама

  • Компанияның мөрі.

Карточкаға қол қоюды және мөрмен бекітуді Нотариустың қатысуымен жүзеге асыру қажет

Өсиет

  • Өсиет қалдырушының жеке куәлігінің түпнұсқасы;

  • Мұрагердің - өсиет ресімделетін тұлға туралы деректер - Т.А.Ә., туылған күні, мұрагердің тіркелген мекен-жайы;

  • Мұраға қалдырылатын мүліктің сипаттамасы және орналасқан мекен-жайы.

Кепілпұл туралы келісім-шарт

  • Сатушы мен сатып алушының жеке куәліктерінің түпнұсқалары;

  • Олардың жұбайларының нотариалды куәландырылған өтініштері (келісімдері);

  • Жылжымайтын мүлікке құқық бекітетін құжаттардың түпнұсқасы (Сатып алу-сату/сыйға тарту/айырбастау/жекешелендіру шарты немесе мұрагерлік туралы куәлік, техникалық құжат, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт)

Жалдау шарты

  • Жалға беруші мен жалға алушының жеке куәліктерінің түпнұсқасы;

  • Олардың жұбайларының нотариалды куәландырылған өтініштері (келісімдері);

  • Жылжымайтын мүлікке құқық бекітетін құжаттардың түпнұсқасы (Сатып алу-сату/сыйға тарту/айырбастау/жекешелендіру шарты немесе мұрагерлік туралы куәлік, техникалық құжат, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт)

  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама – Алматы қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алынады, және бір күнге ғана жарамды.

Құрылтай шарттары

  • Компания қатысушысының (қатысушыларының) жеке куәлігінің түпнұсқасы;

  • Компанияны құру және тіркеу туралы Компания қатысушысы шешімінің немесе Компания қатысушыларының жалпы жиналысы хаттамасының түпнұсқасы;

  • Компанияның құрылтай құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмелері (қайта тіркелетін жағдайда);

  • Компанияның жарғылық капиталдағы үлесін сату-сатып алу/сыйға тарту шартының түпнұсқасы (қайта тіркелетін жағдайда).

  • Компанияның мөрі.

Неке шарты

  • Жұбайлардың жеке куәліктерінің түпнұсқалары;

  • Неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы;

  • Жылжымайтын мүлікке құқық бекітетін құжаттардың түпнұсқасы (Сатып алу-сату/сыйға тарту/айырбастау/жекешелендіру шарты немесе мұрагерлік туралы куәлік, техникалық құжат)

  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама – Алматы қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алынады, және бір күнге ғана жарамды.

Суррогат ана келісім-шарттары

Келісім-шарт мәтіні бойынша әдептілікті сақтау себебімен, қажетті құжаттар тізімі жеке кеңес беру кезінде ұсынылады.

Компанияның жарғылық капиталдағы үлесін сату-сатып алу шарты

  • Компания қатысушысының (қатысушыларының) жеке куәліктерінің түпнұсқасы;

  • Олардың жұбайларының Компанияның жарғылық капиталдағы үлестерін сатып алуға, сатуға немесе сыйға тартуға берген нотариалды куәландырылған өтініштері (келісімдері);

  • Неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы;

  • Компанияның жарғылық капиталдағы үлесін сату туралы Компания қатысушысының шешімі немесе Компания қатысушыларының жалпы жиналысы хаттамасының түпнұсқасы;

  • Компанияның құрылтай құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;

  • Үлестерді басым құқықпен сатып алудан бас тарту (егер оны үшінші тұлғаларға сатқан жағдайда);

  • Жылжитын мүліктерді кепілге қою тіркемесінен алынған жазба (Компанияның жарғылық капиталының 100% үлесіне ауыртпалықтардың жоқтығы туралы) - Алматы қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алынады, және бір күнге ғана жарамды.

  • Компанияның мөрі.

  • Жер учаскесіне жеке меншік құқығын растайтын мемлекеттік акт және т.б.);

  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама1 күнге ғана жарамды (ХҚКО алынады);

  • Нысанның техникалық құжаты (жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтан алынады);

  • Жұбайының оны сатуға, сатып алуға, айырбастауға, рента шартын жасауға, сыйға тартуға берген келісімі;

  • Егер тараптар туыс болса, олардың туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттар;

  • Кәмелеттік жасқа толмағандарға тиесілі жылжымайтын мүлікті сатқан жағдайда, туу туралы куәлікті және қамқоршылық органдардың мәміле жасауға берген рұқсатын растайтын құжаттар;

  • 14 жасқа толмаған тұлғалар үшін оның орнына ата-ансының біреуі немесе қамқоршысы қол қояды; 14 жасқа толған тұлғалар ата-анасымен келісе отырып қол қояды. Берілген келісім туралы мәлімет келісім-шартта да, сондай-ақ нотариалды куәландырылған жеке құжатпен де жасалынады.

Заңды тұлғаның атынан жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасау үшін жоғарыда аталғандардан басқа, келесідей құжаттар қажет:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі;

  • Заңды тұлғаның Жарғысы мен құрылтай шарты;

  • Жалғыз қатысушысы болған жағдайда, заңды тұлғаны құру туралы құрылтайшының шешімі;

  • Өкілеттіктерді растайтын құжаттар (жалғыз құрылтайшының шешімі немесе бас директорды сайлау туралы хаттама; өзге қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтар);

  • Жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе сату туралы, объектінің нақты мекен-жайы, кадастрлық нөмірі және мәміле соммасы көрсетілген, жалғыз қатысушының шешімі немесе қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы.

Моб.
+7 701 523 60 44
© 2012 Нотариус г.Алматы Алтынай Макешева
Перепечатка материалов только с письменного разрешение автора